"Дін - ол насихат"
"Дін - ол насихат"

Бесiншi насихат:

 

Ей шәкiртiм!

Егер кiмде-кiм жоғарыдағы аяатты [ Нәжiм 39] мына хадиспен мансух болды десе. [Адам баласы дүние салғаннан кейiн амал дәптерi жабылады тек үш амалының сауабы барып тұрады...].

Жауаб ретiнде мына аяаттарды айтуға болады:

 

1) "...Сондай-ақ кiм Раббысына жолығуды үмiт етсе, сонда салих амал жасап, Раббысына жасаған ғибадатында Оған ешкмдi ортақ етпесiн!". [Кәһф 110].

 

2) "Мiне осылар жаннаттық. Амалдарының бодауы түрiнде онда мәнгi қалады". [Ахқаф 14].

 

3) "Расында иман келтiрiп, түзу iс iстегендер үшiн Фердаус жаннаты қонақ үй болады". [Кәһф 107].

 

Бұларға қоса, мына хадистердi де; "Ислам дiнi бес негiзге негiзделген..."

Иман дегенiмiз - тiлмен калима шаһадат айту, жүрекпен растау, дене мүшелерiмiзбен амал жасау. Иә, салих амал жасауымызға ынталандырған дәлелдер өте көп.

         Иә, адам баласы жәннатқа Алланың мерiмiмен кiретiнi анық, бiрақ бұл Алланың әмiрлерiне итағаттан кейiн жүзеге асады. Өйткенi Алла тағаланың мейрiмi тақуа құлдарына жақын.

Егер жалғыз иманмен де жәннатқа адам баласы кiредi делiнсе..

Оған жауаб ретiнде; Бұлда рас бiрақ "қашан кiредi?!"

Иә, бұл қиындықтардың ең бастысы амалсыз иманның сақталып-сақталмауында. Алла сақтасын, иманымызды салих амалдармен қуаттамасақ жоғалтып алуымыз мүмкiн.

Хасан Басриден жеткен бiр хабарда Алла тағала қиямет күнi өз құлдарына былай дейдi: "Ей құлдарым! Жәннатқа менiм мейрiммен кiрiңдер! және жасаған салих амалдарыңа қарай дәрежелiңдер".

 

adil zhanenulyadil zhanenuly
2 жыл бұрын 358
1 пікір
  • Ескерту! "Жоғарыдағы иманға берілген анықтама Имам Ашғаридың пікірі бойынша".
    2 жыл бұрын