"Дін - ол насихат"
"Дін - ол насихат"

Алтыншы насихат

Ей шәкiртiм!

Амалсыз сауап та болмайды. Тарих кiтаптарында Исраил ұлдарына байланысты мынадай оқиға айтылады: "Исраил ұлдарынан бiр кiсi Алла Тағалаға жетпiс жыл құлшылық жасап белгiлi дәрежеге жеткен екен. Алла Тағала ол құлын перiштелерге көрсетпек болып бiр перiштенi жiберiп былай деп айтуын бұйырады: "Ей, Алланың құлы, сен бұл құлшылықтарыңмен Алланың құзырында ешнәрсе емессiң" - дейдi. Сонда әлгi пенде: "Бiз ғибадат ету үшiн жаратылдық. Бiзге түскен iс жаратылған мақсатымызды бұлжытпай орындау ғана" - дейдi. Бұл жауапты естiген перiште керi қайтады. Сонда Алла Тағала бiле тұрып: «Ей, перiштем әлгi құлым не дедi?» - дейдi. Сонда перiште: "Құдiретi күштi Жаратушы ием Сен бәрiнен хабардарсың" - дейдi.

Сол сәтте Алла тағала: "Ол құлым ғибадатынан бас тартпаса бiз де одан бас тартпаймыз" – дейдi, артынша: "Ей перiштелерiм куә болыңдар Мен ол құлымның күнәларын кештiм" - деген екен".

Омардан (р.а.) риуаят етiлген бiр сөзде: "Қиямет күнiнiң таразысына тартылмай тұрып өздерiңдi таразылаңдар!" және Али (р.а.) да бiр сөзiнде: "Кiмде-кiм амалсыз жәннатқа жетемiн десе, онда ол алданған..."

Хасан Басридан (р.а.) риуаят етiлген бiр сөзде: "Амалсыз жәннат қалау күнә болып табылады. Ал ақиқатты ұғынған адам амалына толық сенбейдi, бәлкiм жасаған амалын әрдайым аз деп бiледi".

Сөз сардары Пайғамбарымыз (саллалаһу әләйһи уа сәллам) бұл тұрғысында былай дейдi: "Ақылды адам өз нәпсiсiн тәрбиелеп, өлiмнен кейiнгi өмiрге дайындалады. Ал ақымақ адам өз нәпсiсiнiң дегенiне көнiп жәннатты армандаған адам".

adil zhanenulyadil zhanenuly
2 жыл бұрын 405
1 пікір
  • Иә, амалсыз ақыретке қадам басу - өзенге қайықсыз түскенмен тең. Мейлі жақсы жүзсең де әйтеуір бір батасың. Ықыласты құлдардың амалы кеме сияқты елестейді. Лайым солай болсын! Солардың қатарында болайық.
    2 жыл бұрын