Шағбан айының қақ ортасы яғни, 14 нен 15 не қараған түн Барағат түні деп аталады.
Тілдік мағынасы: "ақталу, басын құтқару",-деген мағыналарға саяды.
Иә, бұл бір мүмкіншілік күні. Black Friday десе мүмкіншілікті жібермеу үшін kaspi.kz күзеттік емеспе?! Иә, дүниелік қажеттілігіміз үшін түрлі подвиктерге бардық. Ал, енді басымызды оттат азат алу үшін неге дайын екенімізді бір байқайық. Бұл күнге қатысты тәпсір майталмандарынан Икрима Дұхан сүресінің 4-атына "Сол түні (Алланың) хикіметімен тағдырына жазылған әр бір іс нақтыланатын болады" айтқан тәпсірінде: "Бір жылдың ісі бекітіледі. Тірілер арасынан дүние салатындардың аттары белгілі болады. Сондай-ақ, қажылыққа баратындардың да тізімі белгілі болады. Олар кемімейді және артпайды",-деген. (Тәпсір Қуртуби) Ал, Абдулла ибн Аббас жоғарыдағы айтты оқып болып: "Бұл күні келесі жылғы істер белгілі болады",-деген. (Тәпсір ибн Жарир Табари).
Пайғамбарымыздан с.а.у. жеткен хадистерде де бұл күннің артықшылығы көп айтылған. Олар:
- Айша анамыз р.а. айтады: "Бір түні Алла елшісін қасымнан жоғалтып алдым. Дереу сыртқа шықсам Бақиғда жүзі аспанға қараған күйде отыр екен. Мені көріп: "Уа, Айша Алла және оның пайғамбары саған әділетсіздік жасайды деп ойладың ба?,-деді. Мен, Жо-жоқ. О не дегеніңіз. Мен сізді өзге жұбайларыңызға кетті ме деп ойладым,-дедім. Сонда Расулалла: "Бұл түні Алла Тағала аспан әлеміне түсіп Кәлб руының қойларының жүндерінен көп адамды кешіреді",-деді.(Тирмизи. Ибн Мәжә. Ахмад.)
(Кәлб руы сол кездегі қойлары көп рулардың бірі).
- Мұғаз ибн Жәбәл р.а. Пайғамбарымыздың с.а.у: "Алла Тағала шағбан айының ортасы күні бүкіл махлұқтарына назар салып ішінен мүшрік пен мушахинды кешірмейді",-дегенін жеткізген. (Ибн Хиббан. Табарани.)
(Мүшрік - Аллаға серік қосқан. Мушахин - үнемі ашуланып жүретін, өзгелердің арасына от салып жүретін пенде.)
- Әли ибн Әбу Толиб р.а. Расулалланың с.а.у: "Шағбан айының ортасы болғанда түнін намазбен күндізін оразамен өткізіңдер! Ол күні күн батумен Алла Тағала аспан дүниесіне түсіп: Кешірім сұрайтын бар ма кешірейін. Рызық сұраушы бар ма берейін. Басына қайғы келген бар ма арылтайын. Тағы-тағы осыған ұқсасын таң атқанға дейін айтады",- дегенін жеткізген. (Ибн Мәжә).
Бұл түні не істейміз?
Әли р.а. жеткізген хадисте нақты айтылып тұр.
Түнін намаз бен, күндізін оразамен өткізу. Бұған қоса, имам Ғаззали өзінің "Ихя улум әд-дин" атты туындысында: "Табиғиндер бұл түні екі-екі ракағаттан 100 рағат намаз оқыған. Әр ракағатта Фатихадан кейін 11 рет Ықылас сүресін оқыған. Сол сияқты, 10 ракағат намаз оқып, әр ракағатта Фатихадан кейін 100 рет Ықылас сүресін оқуға да болады. Бұл намазды олар "Хайр" намазы деп атаған. (Ихя улум әд-дин. 1-том. 273-бет.)
Барағат түні.
|