"Дін ол насихат"
"Дін ол насихат"

Он үшінші насихат:

 

Ей шәкіртім!

         “Таһажжуд” жәйлы түскет аят әмір формасында. [сол себебті себебсіз тасталмауы қажет] және сондайақ Алла тағала таң сәріде тұрып истиғфар жасаған құлдарын көптеген жерде мақтаған. [Әлі Имран 17, Зарият сүресі 18]

Пайғамбарымыздан саллалаһу алайһи уасаллам риуаят етілген бір хадисте: “Алла тағала үш дауысты жақсы көреді; ... Құран оқушының және таң сәріде истиғфар етушінің” делінген. Суфиян Сәуриден [р.а.] риуаят етілген бір сөзде: “Таң сәрі уақытында зікірлер мен истиғфарларды Аллаға жеткізетін арнайы жаратылған самал желдер болады” дейді.

         Сөз сардары Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам келесі бір хадисінде: “Түннің алғашқы уақыты болғанда Арштың астынан мынадай дауыс келеді; “Абид [көп құлшылық етуші] құлдар тұрсын!” Сосын дереу Абид құлдар тұрып намаз оқуға кіріседі, ал түннің жарымында; “Қанит [итағатшы] құлдар тұрсын!” - делінеді, дереу Қанит құлдар тұрып намазға кіріседі, ал таң сәрі уақыты болғанда “Енді Аллаға истиғфар етушілер тұрсын!” - делініеді, сол кезде истиғфар етушілер тұрып ғибадаттарына кіріседі, ең соңында күн шыққаннан кейін “Енді Ғапыл құлдар тұрсын!” делінеді, сонда Ғапылдыққа белшісінен батқандар өліксе сияқты ояанады” делінген.

 

adil zhanenulyadil zhanenuly
10 жыл бұрын 3340
0 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33