Имам Ғаззали қалай дүние салды
Имам Ғаззали қалай дүние салды

       Имам Ғаззали[1] 1111 ж. Жумадул-ахира айының дүйсенбі күні Тус қаласында қайтыс болды. Табыран қабірінде жерленген. Әбу Фараж ибн Жаузи “Сәбат инда мамат” атты кітабында имам Ғаззалидың бауыры Ахмадтың былай дегенін жеткізеді: Дүйсенбі күні таңғы уақытта бауырым Әбу Хамид Ғаззали дәретін алып намазын оқығаннан кейін маған кебінімді алып келіңдер деді. Кебінін қолына алып оны сүйіп қасына қойды. Артынша “періштенің кіруіне рұқсат”,- деді. Осылайша екі аяғын созып, жүзін құбылаға қаратып жан тапсырды. Алла мейріміне алсын[2].



[1] Ибн Асакир: «Ғаззали» сөзі екі «з» әріпімен жазылады десе. Ибн Халликан: Хауарезм халқының әдеті бойынша осылай екі «з» әріпімен жазылады. Олар «қассарға» «қассари»,- дейді. Ал, «аттарға» «аттари» дейді,-деген.

[2] Имам Ғаззали. “Ихия улум әд-дин”. 10 бет. Бейрут 2010ж. “Садир” баспасы.

 

adil zhanenulyadil zhanenuly
8 жыл бұрын 4914
0 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33