Кім білімді..
Кім білімді..

        Естіп, оқып жүргеніміздей имам Тахауидің (239-321 һ.) «Ақидату тахауия» немесе «Баян әһли сунна уал-жамаға» атты ақида саласында жазған мәтіні бар. Бұл мәтінді имам Тахауи һижри жыл санағы бойынша III ғасырда жазған. Сондықтан болса керек бұл мәтінді Ханафи-Матруди, Мәлики,Шафиғи,Ханбали-Ашғарилер де бір ауыздан мойындап, шархтар (түсіндірме) жазған. Тіпті ғалым атаулыны мойындамайтын, өздерін сәләфи санайтындардың көсемдері де шархтар жазған. Солардың бірі ибн Әбу әл-Изз әл-Ханафи (731-792 һ.) атты кісі. Бұл жазбамызда аталмыш шархтан қызықты үзінді келтіріп, соған талдау жасап көрейік.

       Имам Тахауи ақида кітабында «қадим» сөзін Алланың сипаты ретінде қолданған. Осы сөзді ибн Әбу әл-Изз әл-Ханафи өзінің «Баян әһли сунна уал-жамаға» атты мәтінге жазған шархында: «Кәләм ғалымдары «қадим» сөзін Алла Тағаланың көркем есімдері қатарына кейіннен қосты, алайда бұл сөз көркем есімдер қатарына кірмейді.[1] Расында бұл сөз настарда (Құран мен хадис) келмегендіктен қолдануға болмайды»[2],-деп айтқан. Яғни, бір сөзбен айтқанда “қадим” сөзі ешқандай хадистерде келмеген, бұны имам Тахауи өз ойынан шығарып, “бидғат” жасаған,-деп айтқалы отыр десек қателеспеген болармыз[3].

      Бұл сөзді оқып, көріп және шархтар жазып келген майталман ғалымдар имам Тахауидің ғасырында не кейінгі ғасырларда айыптап сынға алмаған. Бұл тек кейінгі ғасырларда байқалуда. Керісінше ғалымдардың арасында имам Тахауиді қолдағандар көп. Сол ғалымдардың сөздеріне жүгініп және хадистерді саралап ибн Әбу әл-Изз әл-Ханафиға төмендегідей жауаптар беруге болады:

      1.Имам Тахауидің ғасырынан бүгінге дейін ақида саласының атақты ғалымдары  «қадим» сөзін айыптап, сынға алмауы үмметтің ижмағын білдіреді. Ал, “ижмағ” ғалымдар арасында хужжа яғни, ашық, айқын дәлел.

     2.Имам Байһақидың «әл-Әсма уаc-сифат» кітабында: ««Алла Тағаланың есімдері» атты тақырыпта «қадим» сөзі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде кездеседі»[4],-деп айтып өткен. Бұдан байқайтынымыз «қадим» сөзінің хадистерде орын алғаны, демек  ибн Әбу әл-Изз әл-Ханафи сынды кісілер бір шешімге келмей тұрып, ғылымда нақтылық қағидатына негізделіп әрекет жасау керек еді.

         Хадис жинақтарын зерттеп, зерделей келе «қадим» сөзінің бір емес бірнеше хадистерде келгенін байқадық. Олар төмендегідей:

         Әбу Дәуіттің «Суанында» Амр ибн Астан радиаллаһу анһу жеткен хадисте Алла елшісінің (с.а.у.) мешітке кіргенде былай айтқанын жеткізеді: 

"أَعُوذُ بِاللهِ الْعَظِيمِ وَبِوَجْهِهِ الكَرِيمِ وَسُلْطانِهِ القَدِيمِ مِنْ الشيْطانِ الرجِيمِ"

      Хакимнің «Мустадрагында» Әбу Хурайрадан радиаллаһу анһу жетіп Алла Тағаланың көркем есімдері айтылған хадисте «қадим» сөзі былай келген: «Расында Алланың 99 есімі бар. Кімде-кім осы есімдерді санаса (жаттаса, солармен дұға жасаса) жаннатқа кіреді. Олар мыналар: ... әт-Таууаб әл-Қадим».

        Ибн Мәжаның «Сунанында» және Әбу Хурайрадан радиаллаһу анһу жеткен дәл жоғарғыдай  хадисте: «...әт-Тәм әл-Қадим»,-деп келеді.

    Жоғарыдағы әлсіз болса да келген хадистерге қарап “қадим” сөзінің ойдан шығарылмаған екенін аңғаруға болады. Сол үшін жоғарыда айтылғандай “кәлім саласына кейіннен қосылған”, “настарда бұндай сөз келмеген”,-деп айту өте орынсыз. Ілімге жабылған жала және жалған мағлұмат тарату болып табылады. Иә, бұл кезде «өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»,-деген сөз еріксіз еске түседі.



[1] ибн Әбу әл-Изз әл-Ханафи. «Шарх ақидати тахауия». Дару салам баспасы - Каир 2005.  112 б.

[2] Саид Фуда. «Шарх кабир»  Салих баспасы- Каир 2016. 1 том. 135 б.

[3] قديم بلا ابتداء  دائم بلا انتهاء’ – мына мәтіннің мағынасына оларда толықтай келіседі. Себебі бұл мәтін “Хадид” сүресінің 3-аятының мағынасы іспетті. Бұл жерде деструктивті бағытты ұстанушылар тек “қадим” сөзінің ешқандай хадиске сүйенбей имам Тахауи өз ойынан шығарып, бидғат жасағанын айтуда. Біздің міндет [шамамыз келгенше] оның бидғат емес екенін дәледеу.

[4] Имам Байһақи. «әл-Әсма уаc-сифат». Ихя турас баспасы. Имам Каусаридың толықтыруымен.

adil zhanenulyadil zhanenuly
7 жыл бұрын 4112
0 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33