Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманынан бір махаббат оқиғасын аударып берейін
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманынан бір махаббат оқиғасын аударып берейін

Екі қожайынның қолында ер мен әйел құлдар болады. Екеуі (құда болайық деп) екеуін үйлендіреді. Әйел кісінің аты Барира ал, ердің болса Муғис (р.әнһум). (екеуі де мұсылман болған)

Барираны қожайыны бір күні азат етеді. (Шариғат үкімі бойынша азат әйел құл күйеумен ажырасамын десе, ажырастырылады. Яғни, күйеуі қарсы келе алмайды)

Азат болған Барира Муғистан кетеді. Алайда Муғис Барираны қатты сүйгендіктен, қимай қатты қайғырады.

Бір күні Барираның артында көз жасы көл болып келе жатқан Муғисты ибн Аббасқа (р.а.) көрсетіп Алла елшісі (саллалаһу әлайһи уа сәлләм): “Уа ибн Аббас ана Муғистың сонша ғашық болғанына және Барираның да неге одан бас тартқанына таңғаламысың?”,­-деп айтқаннан кейін. Барираға бұрылып: “Уа, Барира неге қайтпайсың еріңе?”,-деді. Барира:

-       Әмір ме бұл Уа, Алланың елшісі?,-дейді. Расулалла:

-       Жо, жоқ. Мен тек қана шапағатшымын,- дейді.

Бұл хадиске шарх (түсіндірме) жазған ғалымдар, Пайғамбарымыз (саллалаһу әлайһи уа сәлләм) Муғистың хәлін көре тұра тыймады. Себебі, ғашықтық сезімді көп адам игере алмайды деген. Қазақша айтсақ: жүрекке әмір жүрмейді[1].



[1] Тухфатул-арус, 57 б. Махмуд Мәһди Истанбули. “Мағариф” баспасы. Рияд 2011.

adil zhanenulyadil zhanenuly
8 жыл бұрын 4033
0 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33