Біз ғалымдарды не үшін жақсы көреміз? Ал мен...
Біз ғалымдарды не үшін жақсы көреміз? Ал мен...
- Кейде ойлайм, осы неге 1 млрд. дан астам мұсылмандар жылына бір адамның қолынан жетектеп дінге шақырса 8 жылда жер беті мұсылман болып кетем пе еді?,-деп.
- Кейде мынадай да ой келеді: европаның бір бұрышында бір кісі интернет арқылы ислам дінін зерттеп дінге кіре ма? Кірмейтін сияқты... себебі мұсылмандар діннің жақсы рекламасын жасай алмай жатыр екінші жақтан исламфобия тағы бар.
- XXI-проблемаларына мұсылмандар неге шешім айталмай жатыр?! Айтып жатырғой десек. Нәтижесі қайда??? Әлемге сөзіміз жүрмейді. Бізді ешкім пысқырмайды. Ехх.. айта берсең көп.
Шешімі мынада. (Менің жеке ойым.) Ойланып көрейінші 1 жыл бойы берген дәрістерім және айтқан уағыздарымда қаншалықты дінді егжей-тегжейлі түсіндірдім.
Дінді насихаттауда мына төрт нәрсеге көбінесе сүйенеміз:
- Құран Кәрім.
- Хадис.
- Пайғамбарымыздың өмірбаяны.
- Сахабалардың өмірі.
Иә, 1 жылда Құранның 6236 аятының нешеуін айттым. Ал Кубут-ситтада 32,500 хадис бар (қайталанғандарды алып тастасаң 12.490 хадис). Осылардың нешеуін шарх жасадым.
Алла елшісінің 23 жылының қанша жылын түсіндіре алдым. (Ғалымдардың айтуынша біз көбінесе 51 тәулігін ғана қолданады екенбіз) Рас, біз пайғамбарымыздың бір күнін толық айта аламыз ба?! Тахажудтен бастасақ - таң намаздан кейін бесін намазына дейін не істеді? Неше мин. қайлула (القيلولة) жасады? Екінті, Ақшам, Құптан араларында ше?
Үйдегі-түздегі проблемаларды қалай шешкен? Жақында мынадай бір оқиға оқыдым: Пайғамбарымыз с.а.у. соңғы қажылыққа бүкіл жұбайларын ертіп алып шығады. Меккеге жақын қалғанда бір жерге тыныққан қажылар жолға аттанарда Сафия анамыздың түйесі тұрмай қояды. Қанша тұрғызуға тырысқанымен нәтиже болмағансоң Алла елшісі басқа бір (атын айтпай ақ қояйын) жұбайының екі түйесінің бірін сұрайды. "Сафия яһудей. Мен оған түйемді бермеймін",-дейді. Пайғамбарымыз с.а.у. қатты ренжіп қалады. Тіпті 2 айға созылады ренжуі. (Біз білеміз Расулалла соңғы қажылықтан кейін 2 ай ғана өмір сүрген н/е 40 күн) Не керек араға Айша анамызды салып кешірім алады. (3 күннен артық ренжімеу ше.. ол не болды сонда?)
Ал, сахабаларға келсек. Деректерде 124 мың сахаба болғаны айтылады. (Айтқандардың ішінде имам Суюти бар) Қоштасу қажылығында 100 мың. Ибн Хажар Асқалани (Исаба да) 12,500 сахабаның атын атап кеткен. Солардың нешеуін білеміз?! Атын ғана ма? Әлде затын да ма?!
Ал, әр жұмада халық еститін уағыздар да ше?
Еліміздің қаймақтарының жазған мақалаларынан құрастырылған кітапта "Жұма мінбері" (720 бет. 25 жазушы бар). 6236 аяттан мах. 350 аят қана қолданған. Хадистерде сол шама.
Айтпағымды түсіндіңіз...
Демек, ғалымдарға мұқтажбыз. Олар біледіғой бізден қарағанда көбірек.
Ал, бізге (өзіме) көп-көп іздену керек. Шариғат ілімін заман талабымен ұштастырып әрине. (Аллаһу ағлам)
adil zhanenulyadil zhanenuly
5 лет назад 2561
0 комментариев
О блоге
0
5788 14 61 30 33