Он үшінші насихат:
Ей шәкіртім!
“Таһажжуд” жәйлы түскет аят әмір формасында. [сол себебті себебсіз тасталмауы қажет] және сондайақ Алла тағала таң сәріде тұрып истиғфар жасаған құлдарын көптеген жерде мақтаған. [Әлі Имран 17, Зарият сүресі 18]
Пайғамбарымыздан саллалаһу алайһи уасаллам риуаят етілген бір хадисте: “Алла тағала үш дауысты жақсы көреді; ... Құран оқушының және таң сәріде истиғфар етушінің” делінген. Суфиян Сәуриден [р.а.] риуаят етілген бір сөзде: “Таң сәрі уақытында зікірлер мен истиғфарларды Аллаға жеткізетін арнайы жаратылған самал желдер болады” дейді.
Сөз сардары Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам келесі бір хадисінде: “Түннің алғашқы уақыты болғанда Арштың астынан мынадай дауыс келеді; “Абид [көп құлшылық етуші] құлдар тұрсын!” Сосын дереу Абид құлдар тұрып намаз оқуға кіріседі, ал түннің жарымында; “Қанит [итағатшы] құлдар тұрсын!” - делінеді, дереу Қанит құлдар тұрып намазға кіріседі, ал таң сәрі уақыты болғанда “Енді Аллаға истиғфар етушілер тұрсын!” - делініеді, сол кезде истиғфар етушілер тұрып ғибадаттарына кіріседі, ең соңында күн шыққаннан кейін “Енді Ғапыл құлдар тұрсын!” – делінеді, сонда Ғапылдыққа белшісінен батқандар өліксе сияқты ояанады” –делінген.