"Дін ол-насихат"
"Дін ол-насихат"
Он сегізінші насихат

Ей, шәкіртім!

Көп нәрсе үйренімін дегенше, осы хадиске толық амал жасасаң жеткілікті болады. Тағы бір хикаяға көңіл аудар!

Бірде атақты Имам Балхидың бауырының достарынан болған Хатым Асамнан ұстазы былай деп сұраған екен:

“Менің жанымда отыз жылдай жүрдің енді айтшы  үйренгенің не нәрселер?”

Сонда Хатым: Сегіз нәрсе түйдім және осыны толық орындасам құтыламын [тозақтан] деген үмітім бар.

1) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам әркімнің бір сүйіп ұнататын бір нәрсесі бар. Бірақ сол сүйгендері өлгенше ғана қастарында болады, ал өлгеннен кейін оны жалғыз тастап кетуде. Қабірде бірге болатын біреуі жоқ. Аз ойландым, сосын өзіме былый дедім: “Жоқ бұлай болмайды мен өзіммен әрдайым бірге болатын нәрсені дос тұтуым керек, тіпті ол мені қабірде де жалғыз тастамасын, - деп жанжағымнан әлгі досты іздей бастадым біріақ салиқалы амалдан басқа ешнәрсе таба алмадым” - деген екен.

2) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам әрқайсысы өздерінің нәпсілерінің дегендерімен кетуде. Ал үйренген аятымда Алла Тағала былай болмайтынын айтуда[1]. Құранның қақ екенін ескере отырып адамдардың жасағанын емес Алла Тағаланың айтқанына ұйып нәпсіме қарсы шықтым, соңында нәпсім маған бойынсұнатын болды.

3) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам адамдар дүние жинаумен әлек, онысымен шектелмей тапқанын Алла жолында сарп етуден бас тартуда, бұл көріністі тамашалап тұрғанымда ақылыма мына аят келді“Сендердің құзырларыңдағы ризық таусылады, Алланың жанындағылар мәнгі. Сабыр сақтағандарға істеге ісінен де жақсырақ сый береміз”[2]. Сөйтіп бүкіл тапқан дүниемді Алла жолында сарп етуге бастадым, қазір жаным жайбырақат.

4) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам барлығы абыройлы болып өмір сүргісі келеді, бірақ әркім абыройды өздігенше әр жерден іздеуде; бірі көп балам болса, бақуатты туысқандарым болса дейді, екінші бірілері бай болсам сол жетеді дейді, енді басқалары абыройлы болу ол - өзгелер менен қорықса, қалаған нәрсемді қалаған адамымнан тартып алсам болғаны дейді, тағы біреулері тапқан дүниемді қалағанымша оңды - солды жұмсасам ең абыройлы менмін деп ойлайды, бірақ нағыз абырой адамдардың алдында көрінген жағдайымыз  емес, керісінше Алла алдындағы қаліміз. Алла Тағала Құран Кәрімде бұны былай баяндау да: “..Алланың алдында ең ардақты болғандарың [бұл жалғанда] тақуа болғандарың..”[3].

5) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам бірін - бірі балағаттап, ғайбаттап жүр. Бұның негізгі себебі қызғанышта жатыр. Бірі дүние үшін, екіншісі абырой - атақ үшін, енді тағы біреуі ілімі үшін [ең қызығы дінге жасаған қызметі үшін де қызғаныштан жарылайын деп жүргендер]. Бұл көріністі көріп үмітсіздікке түсіп тұрғанымда Алла Тағаланың мына аяты ойыма келді: “Олар Раббыңның рақымын бөліп-жарып ала ма? Біз олардың дүние тіршілігіндегі ризықтарын бөліп бердік. Бірін-бірі басқарып бағындырсын деп, біреуінен біреуінің дәрежесін жоғарылаттық. Олардың жиған-тергенінен, Раббыңның рақымы тағы қайырлы.”[4] дереу өзіме келіп, есімді жиып өзіме былай дедім: “Алланың бергенін ешкім ала алмағанындай6 бермегенін де ешкім бере алмайды” деп ешкімге қызғаныш көзбен қарамадым.

6) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам бір-біріне дұшпандық оймен қастандық жасауда. Ал Алла Тағала біздерге өзара мейрімді болумен қатар нағыз дұшпанымыз Шайтан екенін үйретті[5] сол себепті Шайтаннан өзгеге дұшпандық оймен қарамаймын.

7) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам бір - бірінен асып еңбек етуде, тек мақсаттары дүние жинау, сол жолда өздерінің қадірін жоғалтуда тіпті өзгелерден озамын деп харамға кіруде. Алланың біздерге түсірген мына аятына “Жержүзіндегі күллі жандының қорегі Алладан... ”[6] аз ойлансам бүкіл рызығымды Алла бөліп қойған екен, қам жейтін түк жоқ. Осыны біліп мен де дүниеге деген құмарлықтан бас тартып тек Аллаға ғибадат, құлшылығым мен бет бұрдым.

8) Айналамдағы адамдарға қарап тұрсам әр - бірі бір нәрсеге сенім артады, бірі дүниесіне, бірі мансабына, бірі өз мамандығына, енді бірі өзі секілді махлуқ болған адамдарға, [сонда нағыз сенім артылуы керек бүкіл жаратылыстың Жаратушысын ұмытқаныма?!] Бұл көріністі көріп тұрғанда мына аят ойыма келді: “... Кім Аллаға сүйенсе [тәуекел жасаса] Алла оған жеткілікті... ” [7] бұл аятқа терең ой жүгірттім да бүкіл ынтаммен Аллаға ғана сенім артамын Одан басқаға емес - дедім.

Ұзақ сұқпаттан соң ұстазы былай деді: Алла Тағала діттеген мақсатыңа жеткізсін! Мен Таурат, Инжіл, Забур және Құран Кәрімде осы мәселелер төңірегеінде түсірілгенін білемін, кімде - кім осы сегіз негізбен амал жасаса онда самауи[8] төрт кітаппен де амал жасаған болып есептеледі.


[1] “Кімде - кім Алланың алдында [сұраққа тартылып] тұрудан қорықса нәпсіні қалауынан тыйса; Оның барар орны жұмақ болады.” Назиғат  сүресі 40-41 а.
[2] "Нахл" сүресі 96 а.
[3] "Хужурат" сүресі 13 а.
[4] "Зухр" сүресі 32 а.
[5] «Шайтан сендерге анық дұшпан. Сендерде оны дұшпан көріңдер. Шайтан өз тобын тозақтық болуға үндейді.» Фатыр сүресі 6 а.
[6] "Хұд" сүресі 6 а.
[7] "Талақ" сүресі 3 а.
[8] Алла Тағала тарапынан түсірілген

adil zhanenulyadil zhanenuly
9 лет назад 5249
0 комментариев
О блоге
0
5788 14 61 30 33
Прямой эфир