"Ілім бүкіл қиыншылықтың шешімі - 2"
"Ілім бүкіл қиыншылықтың шешімі - 2"

Ілім талап етудің абзалдығы

Ілім талап етуге ынталандыратын аяттардан кейбіреулері:

    “Сонымен қатар, мүміндердің (бір мезетте) жаппай жорыққа аттанғаны да лайықсыз. Ендеше, әр елден (әр қоғамнан, әр рудан) бір топ адам қалып діни ілімдерді бүге-шігесіне дейін терең меңгеріп, жорыққа аттанғандар қайтып оралғанда жат қылықтардан, күнә атаулыдан аулақ жүруі үшін оларды ескертуі (яғни, оларға жөн сілтеп, уағыз-насихат айтуы һәм шариғат талаптарын үйретуі) керек емес пе?![1].

    «…Егер (бұл ақиқатты) өздерің білмесеңдер, шынайы ілім иелерінен сұраңдар!»[2].

 

    Ілім талап етудің абзалдығы тұрғысында Алла елшісі (саллалаһу алейһи уа саллам) былай деген:

    “Кімде кім ілім талап ету үшін жолға шықса Алла Тағала оны жәннатқа барар жолын жеңілдетеді”[3],-деген.

    Бір хадисте: “Періштелер ілім талап етушілердің істеріне разы болып олардың жолдарына қанаттарын жаяды”[4],-делінген.

Ерінбей ілім талап етудің артықшылығына қатысты ғалымдар былай деген:

    Ибн Аббас (р.а.): “Ілім талап ету (нәпсіге) қорлық болғанымен, оған қол жеткізу мәртебеңді арттырады”.

    Әбу Дарда (р.а.) ілімнің артықшылығын былай баяндаған: “Ғалым мен ілім талап етуші жақсылықта бірдей мәртебеде, ал басқалар (бұл екеуіне жатпайтындар) көп нәрседен құр қалушылар”.

    Ибн Мубарак: “Ілімсіз - өзінің сыйлы болуын қалаған адамнан таңғаламын”,-деген.

    Имам Ғаззали былай деген: “Мен мына екі адамға жаным ашығандай басқа ешкімге жаным ашымады: Күндіз-түні ілім ізденгеніне қарамастан оны түсіне алмайтын қабілетсіз және ілімді жақсы түсінетін, ұғатын қабілеті бола тұра ілім ізденбейтін адам”.

 



[1] Тәуба сүресі 122 аят.

[2] Нахл сүресі 43 аят.

[3] Әбу Дәуіт, Ілім 1; Тирмизи, Ілім  19; Ибн Мәжа, Муқаддима 17.

[4] Тирмизи, Ілім  19; Ибн Мәжа, Муқаддима 17.

adil zhanenulyadil zhanenuly
9 лет назад 5369
0 комментариев
О блоге
0
5788 14 61 30 33