Ілімнің апаттары
Ілімнің апаттары

Ілімнің апаттары; (ақырет үшін жүрген ғалымдар және дүние құмартқан ғалымдар) (Ілім бүкіл қиыншылықтың шешімі - 6)

    Әсілінде ілім Алла Тағала тарапынан берілген нығмет, алайда оның апат, бас қайғысы болатын жерлері де баршылық. Адам баласы жиған ілімімен тек Алланың рызалығын талап етуі орнына дүние талап етіп, атақ-даңқ, мансап құмартып, сол жолға түсіп кетсе міне осыларды ‒ дүние құмартқан ғалымдар немесе «уламау су» деп айтып жатады.

Алла елшісі саллалаһу алайһи уа сәллам тақырыбымызға қатысты:

«Ғалымдармен сөз таластыру үшін, ақымақтардың аузына құм құю үшін немесе адамдардың ілтипатын етуін қалап ілім үйренгендер тозақтық»[1] ‒ деген.

Басқа бір хадисінде Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уа сәллам:

«Кімде-кім тек Алла рызалығын талап етіуі тиіс ілімімен дүние (байлық, мақам-мансып) талап етсе, қиямет күні жаннаттың исі мұрнына бармайды»[2] ‒ деген.

Омар (р.анһу) тақырыбымызға қатысты: «Бұл үммет үшін қорғқатыным мұнафық ғалымдар» ‒ дегенде бұл қалай сонда беп сұрағандарға Омар (р.анһу): «Тілі ғалым, жүрегі мен амалы жаһил (надан)», ‒ деп жауап берген. Хасан Басри де: «Бір ғалымның өлуі жүрегінің өлуінде. Ал жүрегінің өлуі ақырет талап ету үшін алған білімімен дүние талап етуінде»‒ деген.

    Алла Тағала Құран Кәрімде пейілі жаман ғалымсымақтарды дүние үшін жүргенін, ал тақуалық пен Алла ризалығын іздеп жүрген ғалымдарды мадақтап быдай деген:

    ‒ Дүние талап етушілерге қатысты:

«Кезінде Алла Кітап иелерінен: «Кітаптағы ақиқаттарды (әсіресе, Алланың соңғы елшісі жайлы маңызды мәліметтерді) ел-жұртқа ашық айтып жеткізетін боласыңдар һәм ондағы ақиқаттарды жасырмайсыңдар», – деп уәде алған еді. Алайда, олар мұны қаперлеріне ілмей, бірден былай ысырып қойып, оны (мал-дүние, шен-шекпен, атақ-абырой сынды) болмашы бағаға сатып жіберді. Расында, олардың бұл саудасы қандай жаман әрі зиянды десеңші!»[3].

    ‒ Ал, ақырет қамын ойлап жүрген ғалымдарды былайша сипаттаған:

 

«Шүбәсіз, кітап иелерінің арасында Аллаға иман келтіретін, сендерге түсірілген (Құранға) және өздеріне түсірілген (Тәуратқа, Інжілге) кәміл сенетін һәм Алладан шын именіп, жан-тәндерімен мойынсұнатындар да бар. Олар Алланың аяттарын арзан бағаға, сатпайды (болмашы нәрсеге айырбастамайды). Олардың алар сауабы мен сый-сыяпаты Раббыларының дәргейінде. Шүбәсіз, Алла жауапқа өте жылдам тартушы»[4].

    Ұлы ғалымдар ілім талап етушілерге мынадай насихаттар берген: «Әрбір ғалымның қасында емес, бес нәрседен тиып бес нәрсеге ұмтылдыратын ғалымдардың қасынан айрылма: күмәннан ақиқатқа, риядан ықыласқа, дүние құмарлықтан тақуалыққа, тәкәппарлықтан кішіпейлділікке және дұшпандықтан насихатшыға итермелейтін»,‒деп шынайы ұстаздардың сипаттарын жіпке тізіп айтқан.

    Ақыреттің қамымен жүрген ғалымдардың іс-әрекеттері сөздеріне теріс болмайды, олар жасамаған істерін басқаларға өсиет қылып айтпайды. Мына аятттар бұл сөзімізге дәлел бола алады: «Сендер ел-жұртқа ізгілікті бұйырып, өздеріңді ұмыт қалдырасыңдар ма?! Өздерің кітап оқисыңдар, еш ақылға салып ойланбайсыңдар ма?!»[5], «Уа, иман еткендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Істемейтін істі айту – Алланың алдында ең жеккөрінішті нәрсе»[6].

Алла Тағаланың Иса пайғамбарға:

"يَا عِيسَى! عِظْ نَفْسَكَ فَإِنْ اتَّعَظَتْ بِهِ فَعِظِ النَّاسَ وَإلَّا فَاسْتَحِي مِنِّي"

 «Уа Иса! Алдымен өз нәпсіңе насихат айт. Егер нәпсің қабылдаса өзгелерге айтуыңа болады немесе Менен ұялғайсың!»,‒ деп келген сөз де тақырыбымызды аша түседі.

Алла ризалығын көздеп жүрген ғалымдар ақырет қамына қажетті істерге ұмтылдырып, өздері ілім жинауға қайта кірісіп, пайдасыз бос сөздер мен талас-тартыстардан аулақ болады. Киім кию мен тамақта асыра сілтеп ысырапшылыққа кірмейді. Халыққа пәтуа берерде өз пайдаларын ойламайды. Керісінше пәтуа беру керек жерлерде үнсіз қалуды қатты қалайды. Ақырет қамымен жүрген ғалымдар бүкіл күш-жігерін арғы өмірдегі азығын жинауға тырысып, әр іс-әрекеттеріне мурақаба[7] жасап алланың сүйікті құлы болып өмір сүріп өтуге қатты көңіл бөледі.

Имам Али (р.анһу) адамдарды үш топқа бөліп: «Біріншісі; Алланы таныған ғалымдар, екіншісі; Алланы тану жолындағы шәкірттер болса, үшіншісі; желмен ары-бері сылдырлаған жапырақ іспетті ілімнің нұрынан мақұрым, басын сан-саққа соққан жандар»‒деп айтқан екен.

    Ақырет қамымен жүрген ғалымдар әрдайым салмақты, тақуалық деңгейін ұстап жүреді. Тіпті оларды көргендер Алланы естеріне дереу алады. Олардың сырт пішіндері амалдарына ишар етуші. Алла Тағала қандайда бір пендеге кішіпейілділік, сабырлық және байсалдылық бергеннен кейін кигізген тақуалық кимінен асқан киім жоқ. Себебі бұндай киім пайғамбарлардың, сыддықтардың, салихтардың және ғалымдардың киімдері. Бұл сипаттардың керісіншесі: лепіріп сөйлеу, мырс-мырс күлу, әрдайым асығыстық таныту сияқты жағымсыз қылықтар ғапылдықтың белгелері. Сондай-ақ, тақуа, қушуъ, хашия, кішіпейілдік, көркем мінез және зуһд ақырет ғалымдарының айрылмас сипаттары екені мәлім. Сөз түйіні; әр ғасырдың ең ұлы ғалымы деп ‒ Аллаға жақын болған, пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахабаларына қатты ұқсайтын және сәләф ғалымдардың жолын жақсы білгетін және жоғарыдағы сипаттарды өз бойында жинаған ғалымдарды айтамыз.

      



[1] Ибн Мәжа, Муқаддима 23.

[2] Әбу Дәуіт, Ілім 12.

[3] Әлі Имран сүресі 187 аят.

[4] Әлі Имран сүресі 199 аят.

[5] Бақара сүресі 44 аят.

[6] Саф сүресі 2,3 аяттар.

[7] «Мурақаба» Алланы әрдайым көріп тұр деген сезімде болу хәлі.

adil zhanenulyadil zhanenuly
9 лет назад 6395
1 комментарий
  • МашаАллаһ! Неткен керемет нақылдар! Аллаһым, бойынан салиқалы сипаттар табылатын құлдарыңнан еткейсің!
    9 лет назад
О блоге
0
5788 14 61 30 33