Ізгілерге ізгілер
Ізгілерге ізгілер

Екі көзі тас соқыр бір тақуа кісі болыпты. Әйелімен арасы жараспай қалған кезде Құранның аятына[1] амал етіп өз туысқандарынан араларын жарастырып беру үшін бір кісіні төреші қылып үйіне шақырады.

     Әлгі төреші үйге келе сала: Уа, келін! Күйуіңе неге ренжисің? Ол сондай тақу,  ғылымда да орны ерекше, артында қанша шәкірті бар ғалым тұлға ғой. Көзі көрмейді деп айыптайсың ба?,-деп керісінше әйелін айыптай бастағанда. Әлгі ізгі кісі төрешіге бұрылып: Сені, мені мақтасын деп шақырдым ба?,-деп ренішін білдіреді. Сонда әлгі ізгі кісінің салиқалы жары орнынан тұрып күйеуінің қолынан сүйіп кешірім сұраған екен[2].  



[1] «Ал егер ерлі-зайыптылардың ажырасып кетуінен қорықсаңдар, ер адамның туыстарынан бір әділ төреші, сондай-ақ әйелдің жақындарынан да бір әділ төреші тағайындаңдар. Бұл екеуінің ниеті оларды жарастыру болса, Алла тағала оларды сөзсіз қайта табыстырады. Шүбәсіз, Алла барлық нәрсені білетін шексіз ілім иесі, барлық нәрседен толық хабардар болушы» (“Ниса” сүресі, 35-аят).

[2] Тухфатул-арус, 309 б. Махмуд Мәһди Истанбули. “Мағариф” баспасы. Рияд 2011.

adil zhanenulyadil zhanenuly
8 лет назад 4830
0 комментариев
О блоге
0
5788 14 61 30 33