Шәкіртке және ұстазға қатысты әдептер
Шәкіртке және ұстазға қатысты әдептер

Шәкіртке және ұстазға қатысты әдептер  (Ілім бүкіл қиыншылықтың шешімі - 5)

Шәкіртке қатысты әдептерді қысқаша былай айтуға болады:

Ілім - жүрек құлшылығы. Ал жүрек тереңіндегі сыр, адамзатты Аллаға рухани жақындататын бірден бір күш ол ілім, сол себептен ілім талап етуші әртүрлі жаман сипаттардан және көріксіз мінездерден өзін барынша тазалауы керек. Осы орайда ибн Масуд (р.анһу.): «Ілім көп риуаятта емес (көп нәрсені білуде емес) керісінше жүрекке орналасқан нұрда» - деген. Сондай-ақ, кей ғалымдар мына аятты негізге алып: «Алладан шынайы қорқатындар (олар) ғалымдар»[1]. – «Ілім риуаяттың көптігінде емес, ілім ол - тақуалықта»[2], - деп айтқан.

    Ілім талап етуші барынша дүние тіршілігінен ұзақтап, оған деген құмарлығын тыю керек. Себебі, дүниеге артығымен көңіл бөлу адам баласын өзіне баурап, ілімнен ұзақтатады. Ой мен пікір өзге мәселелерге қолданылған кезде ақиқаттың толық меңгерілуі түсінілмез. Адам баласы ілімге өзін толық атамайынша, ілім оған бір бөлігенде бермейді.

Ілім талап етуші ілімімен ешқашан тәкәппарланбау керек, ұстазына әрдайым құрметпен мәміле жасауы тиіс. Қырдың басында су жиналмайтыны сияқты өзін жоғары санайтындарда да ілім жиналмайды. Жауынға ынтық болған кепкен жер сияқты ілім талап етушіде ілімге сондай ынтық болып, жақсы мінез танытып, ұстазының айтқанынан шықпауы керек. Әлбетте әрбір ілім талап етушіның ниеті ‒ ішкі жан дүниесі мен сыртқы амалдарының үйлесімділігін табу, бүкіл жақсы қасиеттерді бойында жинау, Алла Тағалаға рухани жақындау, сондай-ақ, Оның разылығы үшін аянбай қызмет жасау болу керек.

Ұстазға қатысты әдептерді қысқаша баяндасақ:

‒ Ұстаз шәкірттерін өзінің ұл-қыздарындай көріп, оларға мейрімділік танытуы қажет.

‒  Ұстаз әрбір ісін Алла елшісінің саллалаһу алейһи уа сәллам сүннетіне сәйкес жасауы міндет. Үйреткен ілімін міндетсініп сый-құрмет талап етпеуі шарт. Керісінше Алла Тағаланың разылығы үшін ілім үйретіп, Оған рухани жақындықты талап ету керек.

‒ Ұстаз қандайда бір мәселені үйрету барысында егжей-тегжейлі баяндап және қателікке түспеуі керек. Сондай-ақ, шәкірттерінің түсіне алатын деңгейінде сөйлеуі шарт.


[1] Фатыр сүресі 35-аят.
[2] Аяттағы «خَشِيةْ» (хашия) сөзі – жүректе орналасқан Алла Тағалаға қарсы сезілген тағзым, тақуалық.

adil zhanenulyadil zhanenuly
9 лет назад 4518
2 комментария
  • Ілім ол- нұр! Ал ол ілімге ие болу үшін "құрбан" керек! Нәпсінің құрбаны! "Бір жетістікке жету үшін, бір сүйікті көрінген нәрсеңді құрбан етуің керек". Ілім - көкірекке нұр берер сәуле. Ол "соқыр" жүректер мен "өлі" көкірекке қонбайды! Бұл- Алланың әділеттілігі!!!
    9 лет назад
  • Алла разы болсын!
    9 лет назад
О блоге
0
5788 14 61 30 33