Сіз басшы болғанды ұнатасыз ба?
Сіз басшы болғанды ұнатасыз ба?
       «Әуленің жүрегінен шығатын ең соңғы нәрсе ол – басшы болу сезімі»,-деп тасаууф ғалымдары бекер айтпаса керек.
Жалпы адам баласының табиғатында басшы болу, бір істі өзі басқару, танымал адам болу деген сезім бар. Алайда бұл сезімді толық игеріп, нәпсінің тізгінін қолына ұстап, өзін бұл өткінші дүниенің жетегінде кеткендерден емес болмашы әрі өткінші ләззаттарға алдануды ар санап мақсатын жоғары қоя білген адам болу маңызды.
 
         Сахабалардан бір үзінді
         Иә, бір елдің басшысы болу, бір мекеменің директірі болу т.б. бұл қажеттілік. Халифалықта осы мақсатта іске асты. Немесе Пайғамбарымыздаң (с.а.у.) саңлақ сахабалары билікке таласты деген ой келсе ол дұрыс емес. Ибн Сағд пен ибн Асирдың еңбектерінде келген деректе Әбу Бәкір (р.а.) халифа болып тағайындалғаннан үш күннен кейін мінберге шығып: «Уа, мұсылмандар! Менің халифатты қабылдауым сіздерді басқаруды қалағанымнан емес. Керісінше ихтилаф болама деген қорқыныштан туындады. Қізір бұл істің шешімін сіздерге қалдырам. Қалағандарыңызды халифа етіп тағайындай аласыздар»,-деп айтса да сахабалар: «Біз сағат байғат жасадық, ойымызды өзгертпейміз»,-деп нақты шешімдерін айтты. Бірақ Әбу Бәкір (р.а.) мінбарға шығап бұл сөзін бұдан кейін де бірнеше рет қайталағыны сира кітаптарында баяндалған (ибн Хишам. Сирату набауия, 6\82).
 
       Мақам, мансап сұраудың ақыры
       Әбу Муса әл-Ашғари (р.а.) риуаят еткен хадисте бір күні Алла елшісі басшылыққа өзін ұсынған бір сахабаға: «Аллаға ант етейін, біз бұл істі сұрап келгенге немесе қатты қалаған (хирс) адамға бермейміз»,-деген. (Бұхари. Муслим.)
Неге десеңіз, бір істі қатты қалау, сол үшін бүкіл нәрсеге дайын болу адамды діннің әмірлерін аяқ асты етуге алып барады. Нәтижеде адам баласы өзінің креслосын қорғау мақсатында Құран мен хадисте келген алтын қағидаларды елемей үкім шығаруға немесе өзінің қалауындай пәтуалар іздеуге жүгінеді.
Сондықтан басшылық міндетке ұмтылудан алыс болу керек. Бірақ бір жердің басшысы\директоры болып жатсақ бұны аманат ретінде қабылдап, қиянат жасмауға тырысып баққанымыз жөн. Себебі басшы болу бүкіл қол астындағыларға жауап беру деген сөз. Бұны толық сезінген Омар (р.а.): «Бағдаттың төңірегінде бір қой сүрінсе оның есебін Алла менен алама деп қорқамын»,- деген. Тағы бірде Омарға: «Ұлың Абдулланы халифалыққа ұсынсаңыз»,-дегенде Ол: «Бір үйден бір құрбан жетеді»,-деп бұл істің жауапты әрі ауыр екенін білдірген.
 
       Бір жүректе екі махаббат
       Тарих кітаптарында Ибраһим Әдһамның (р.а.) мынадай оқиғасы баяндалады. Ибраһим Әдһам Бәлх қаласының ханзадасы болған. Бір күні жұмсақ төсекте жатып: «Уа, Алла! Мені өзіңнен алыстатпа, маған Фердаус жәннәтіңді нәсіп ет. Сондай-ақ, мені Пайғамбарымызбен көрші ете гөр»,-деп дұға жасаса керек. Сол кезде сарайдың шатырында жүрген бір кісінің аяқ дауыстарын ести сала: «Кім бар? Бұл кім?..»,-деп сұрайды. Төбеде жүрген кісі: «Ханзадам уайымдамаңыз, Мен сізге қастандық ойлаған адам емеспін. Тек түйемді жоғалтып соны іздеп шыққан едім»,-дейді. Бұны естіген Ибраһим Әдһам: «Шатырдан түйе іздегені нес»,-деп жауап қатады. Сол кезде әлгі кісі: «Сіз де Алланың разылығын, жәннәттің төрін жатып алып төсекте сұрап жатқан жоқсыз ба?!»,-деген екен.
Иә бұл сөз Ибраһим Әдһамға жеткілікті болған. Жұмсақ төсегін, бүкіл байлығын, мансабын тастап «Жәруллаһ» лақабына ие болып, қалған ғұмырын қасиетті Қағба төңірегінде құлшықпен өткізген деседі. Иә, бір жүректе екі бірдей махаббат бір дәрежеде бірікпес.
Ескерту! Біз бұл жазбамызбен "Басшы болмаңыз. Басшы болсаңыз дереу бас тартыңыз, жоламаңыз!",-деп емес керісінше "Жауаптершілікті сезініңіз, бұл бір аманат",-деп айтқымыз келеді.
adil zhanenulyadil zhanenuly
5 лет назад 2941
0 комментариев
О блоге
0
5788 14 61 30 33