“Тухфатул-арус”
“Тухфатул-арус”

“Тухфатул-арус” кітабынан бір қызық оқиғаны аударып берейін:

Әбу Талха (р.а.) мұсылман болмай тұрып Умму Салимге сөз салды. Сонда Умму Салим (р.әнһа):

-       Мен де сені қалаймын, сен қолы қайтарылатын ерлерден емессің. Алайда мұсылман емессің,-деді. Әбу Талха:

-       Үлдемен бүлдеге бөленесің, алтын күміске кенелесің. Бұдан да бас тартамысың?!,- деді. Умму Салим:

-      Байлығыңа рахмет. Сен пәленшенің қолдан жасаған естімейтін не көрмейтін жансыз тасқа табынасың. Бұл ісіңнен ұялмаймысың? Егер ислам дінін қабылдасаң сол мәһірім болсын, басқа ештеме керек емес,-деді. Әбу Талха:

-       Ол үшін не істеу керек сонда?,-дегенде Умму Салим:

-       Расулаллаға (саллалаһу алаһи уа сәлләм) бар!,-деді.

Осылайша Әбу Талха (р.а.) Пайғамбарымыздың алдына барып кәлима шаһадат айтып ислам дінін қабылдады[1].



[1] Тухфатул-арус, 43 б. Махмуд Мәһди Истанбули. “Мағариф” баспасы. Рияд 2011.

adil zhanenulyadil zhanenuly
8 лет назад 4721
0 комментариев
О блоге
0
5788 14 61 30 33