Адам баласы өзінің қателіктерін қалай біле алады?
Адам баласы өзінің қателіктерін қалай біле алады?

    Алла Тағала қандай да бір пендесін сүйсе оған өз қателіктерін көріп білетін өткір көкірек көзін сыйға тартады. Ал, кімде-кімнің көкірек көзі өткір болса одан қателіктері жырақта қалмайды. Ал, кім қателігін білсе онда оны жөндеп, емдеуге мүмкіндігі болады. Алайда көбіміз өзіміздің қателіктерімізден бейхабармыз. Құлап жатып жығылғанға күлеміз. Ал кімде-кім өз қателіктерін білгісі келсе оған төмендегі төрт жолды ұсынамыз:

1) Ілімді, тәжірибелі, Құдайдан шынайы қорқатын тақуа ұстаздың шәкірті болу. Оның мысалы, егін алқабында арам шөптерді жұлып, тазалаған диханшыға ұқсап, ұстаз да өзінің тәрбиелеп отырған шәкірттерінің жаман қылықтардан сақтандырып, құнды қасиеттерді бойында жинауға бағыттайды.

2) Діндар, оқыған-тоқыған көзі ашық шынайы, жанашыр достың болуы. Ол - бойыңда кезген жағымсыз сипаттарды көреқалса еш тартынбастан даналықпен ескерте алатын дос. Ұлы ғалымдардың сүннетіде осылай болған. Халифа Омар р.а: “Кімде- кім менің қателігімі айтса оны Алла мейріміне алсын”,-деген.  Сондай ақ, Хузайфаға р.а[1]: “Сен Алла елшісінің сыр сандығысың. Менен мұнапықтың сипатын көремісің?”,-деп үнемі өзінен қателік іздеп жүретін. Иә, расынды ең ақылды, ең көркем мінезді адамның жақсы қасиеттерінің бірі өзгені емес үнемі өзінен кінә іздеуінде. Алайда қазіргі таңда іс керісінше бола бастады. Бұл да иманның әлсіздігінен болса керек. Расында жаман, жағымсыз сипаттар улы жылан немесе шаян тәрізді. Кім біздің киіміміздің не аяқ киіміміздің ішінде жылан не болмаса шаянның барын айтып, ескертсе. Біз оған рахметімізді жаудырып, әлгі улы жәндіктерді өлтіруге немесе алып тастауға асығамыз. Негізінді әлгі жәндіктердің зарары бір не екі күннен ұзаққа созылмайды. Ал, жаман сипаттарымыздың зарары өлімнен кейінгі өмірімізге де кері әсерін бермей қоймайды. Соған қарамастан кімде-кім біздерге оларды паш етсе, сол қателіктерден арылудың орнына әлгі ескертушіге қарсы шығып, қарсылықты ауыр сөздер айтып жатамыз. Бұның негізгі себебі; тәубесіз күнәләріміздің жиналып, жүректің қатайуында болса керек. Алла сақтасын баршамызды!

3) Дұшпанның аузынан төгілген сындарынан сабақ алу. Шынтуайтында ақылды жан жағымпаз достың ақылынан қарағанда дұшпанының сыңынан көбірек дәріс алады. Себебі, қарсыласымыз бізді төмендетіп, өзін үстем көрсету үшін біздің бойымыздағы бар қателіктерімізді жинап, азды-көпті өзінің өтіріктерін қосады. Алайда, адам баласы өзіне айтылған сыңдарға құлақ аспай, “айтса бұны қызғаныштан айтты”,  - деп, елемей жүре береді. Бірақ ақылды адамның ісі бұл емес.

4) Айналаңдағы адамдардың қылықтарынан сабақ алу. Яғни, қарым-қатынасқа түскен кез келген адамдардан өзіңе ұнамаған сипаттарын зерделеп: “осы сипаттар меніңде бойымда бар мекен?”- деп өз-өзіңді есепке алу. Себебі, адамдардың жаратылыстары бір-біріне жақын жаратылған. Нәпсі қалаулары көп жағдайда ортақ болады. Біреудің шәһутқа беріліп жасағанын екіншісі де дәл сол себеппен жасауы әбден мүмкін.

Иә, кімде-кім біреудің бойынан көрген жаман сипатты өз бойынан іздеп, бар болса содан арылып отырса, қоғамымыз ең таза қоғам болары еді. Ұстазға да мұқтаждық қалмас еді[2]. [Ең дұрысын Алла білуші.]



[1] Хузайфа ибн Иаман (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сыр сандығы болған. Алла елшісі оған көптеген сырларды айтқан. Солардың бірі: қолында Мәдинадағы мұнапықтардың тізімі болған.

[2] Имам Әбу Хамид Әл-Ғаззали. “Мухтасар ихя улум әд-дин”. Ықшамдаған: Мухаммад Жамалуддин әл-Қасими әл-Димашқи. “Китабул-мисри” баспасы  2000 ж. 292 бет.

adil zhanenulyadil zhanenuly
8 жыл бұрын 5919
0 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33