Имам Ғазали: Оразаның дәрежелері
Имам Ғазали: Оразаның дәрежелері

Имам Ғаззалидің(рахимаһулла) «Ихя Улумуддин» атты еңбегі оқуға және оқытуға тұратын құнды еңбектер қатарынан. Ол, ұлы имам бұл кітабында мәселелерді Фақиһ ғалымдары сияқты емес,  діннің үшінші негізі болған «Ихсан» негізі арқылы қолға алады. Сол себепті кітабында сырт көріністен гөрі жан дүниемізге мән беретіні көп байқалады. Солардың бірі «Намаз» бабында Фақиһтар сияқты намазды ненің бұзып, ненің бұзбайтынының қасында намаздың «рухына» дақ түсіретін мәселелерді айтады. Осы аудармамызда да оразаның рухына дақ түсіретін мәселелер қамтылады.

Ораза үш дәрежеден тұрады:

1. «Умум ораза».

2. «Хусус ораза».

3. «Хусусул хусус ораза».

«Умум ораза» дегеніміз – ішіп жеу мен жыныстық қатынастан тыйылу (жалпы халықтың білетін және ұстап жүрген оразасы).

«Хусус ораза» дегеніміз – құлағымызды, көзімізді, тілімізді, қолымызды, аяғымызды және бүкіл дене мүшелерімізді күнәлі істерден тыю.

«Хусусул хусус ораза» дегеніміз – жүрек оразасы. Дүниеге ой жүгіртпей тек Алла Тағаланы ойлау. Бұл ораза түрі ой жүгіртумен бұзылады. Тек мына нәрселерге ой жүгірткенде ғана бұзылмайды: Алланы еске алғанда, ақырет күнін еске алғанда, дініміз үшін қажетті дүниені еске алғанда. Бірақ дініміз үшін қажетті дүниені еске алу мәселесі, оразаны бұзады деген ғалымдарымыз бар, тіпті бірі былай деген: «Кімде-кім ауызашар қамдану мақсатымен дүние мүлікпен шұғылданса оның оразасы бұзылады, өйткені бұл іс Аллаға деген сенімнің аздығынан болады». Осы үшінші дәрежедегі ораза Пайғамбарлардың, Сыддықтардың, Муқаррабиндердің оразасы болып табылады, яғни алдамшы дүниені тәрк етіп, бүкіл жан тәнімізбен Аллаға бет бұру.

жалғасын оқыңыз:

http://e-islam.kz/islam/ishki-kategoriyalar/islam-negizderi/oraza/item/6326-imam-azali-orazany-darezheleri

adil zhanenulyadil zhanenuly
9 жыл бұрын 5203
1 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33