"Дін - ол насихат"
"Дін - ол насихат"

Ертеде бір шәкірт көптеген жыл бір ұстаздан сабақ алғаннан кейін, алған іліміне амал жасау үшін және үйренгенін өзгелерге үйрету үшін ұстазының жанынан кетуді ойлайды. Бірақ кетпестен бұрын бірнеше насихат сұрауын жөн көрген әлгі шәкірт, ұстазынан ауызша емес жазбаша түрде насихаттар беруін өтінеді. Ұстазы да ерінбей мына насихаттарды жазған екен:

Бірінші насихат:

 Ей, шәкіртім!

Алла Елшісінің  (саллалаһу алайһи уасаллам) біздерге айтқан көптеген өсиеттерінің ішіндегі мына өсиетін есіңе ал:
“Алла Тағаланың кейбір пенделерден алыстағанының белгісі, ол пендесін [екі дүниеде де] пайдасы жоқ нәрселермен әлектендіріп қоюы, [негізінде] жаратылған мақсатын ұмытып өзге істермен шұғылданып жүрген пенде қияметке дейін [өкінгеннен] пармағын шайнауы керек, ал кімде-кім қырықтан [жасы] асып әлі күнге дейін жаман қылықтарын тастап жақсылыққа бет бұрмаған болса онда тозаққа кетуге әзірленсін!”.

Иә, бұл насихат ілім иелері үшін жетіп артылатыны сөзсіз.

adil zhanenulyadil zhanenuly
10 жыл бұрын 3414
2 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33