Ханафи мазхабында құрбан
Ханафи мазхабында құрбан

 

Ханафи мазхабында құрбан шалу әрбір азат [құл емес], сапарда емес, жағдайы келетін мұсылманға уәжіп болып есептеледі[1]. Шамасы келу – дегенді “Лубаб” атты кітапта пітір садақасын бере алатын адамдармен есептейді[2].

Ал Имам Мәлікпен Шафиғидың р.а. көзқарасында сүннет. Сүйенген дәлелдеріне келер болсақ:

1. Пайғамбарымыздың саллалаһу алаһи уасаллам мына хадисы: “Сендерден кімде кім зулхижжа айын көрсе және құрбан шалуды қаласа шашымен тырнақтарын алмасын”[3] - деген. Бұл жерде “Құрбан шалуды қаласасөзі уәжіптікті білдірмейді деуде.

2. Пайғамбарымыздың саллалаһу алаһи уасаллам былай деп айтуы: “Үш нәрсе маған парыз ал сендерге сүннет; утір намазы, құрбан және духа намазы”[4].

 

Ал Ханафи мазхабының дәлелдері:

1. Құран Кәрімдегі жалпылама айтылған “Құрбан шал!”[5] сөзі. Өйткені Құрандағы әмір уәжіптікті білдіреді.

2. Пайғамбарымыздың саллалаһу алаһи уасаллам мына хадисы: “Кімде кімнің құрбан шалуға шамасы бола тұра құрбан шалмаса біздің намаз оқитын орнымызға келмесін!”[6].

3. Ибн Аунның Аби Рамладан жеткізген хадисте былай дейді: Арафатта Пайғамбарымызбен саллалаһу алаһи уасаллам  бірге болғанымызда былай дегенін естідім: “Ей адамдар әр отбасыға жыл сайын құрбан міндет”[7].

Сондай ақ, Құрбан шаларда малдың ең жақсысын таңдаған абзал. Өйткені ол ертен "Сырат" көпірінен өтетін көлігіміз болады. Бұл тұрғысындаПайғамбарымыздың саллалаһу алаһи уасаллам былай деген: “Құрбан малына үлкенін, керімін таңдаңдар өйткені ол ертен сыратта көліктерің болады”[8].

Бұл мазһаб арасындағы көзқарастардың кең етек алған жерлерден мысал келтіретін болсақ: Шафиғи мазһабы кең жайылған Мысырда жүргенімде құрбан малының көп шалынып, кедейлердің етке қарық болғанын көрмедім. «Ей жәй сүннетқой» - деп айтама, оны білмедім. Байлар байып кетуде - әсіресе Тажаммуъ хамисқа барсаңыз көре аласыз. 

Ал Ханафи мазһабы кең таралған Түркиеде жүрген  кезімде құрбандықтың көп мөлшерде сойылғанына куәгер болдым. Тіпті Стамбулдың кіші көшелерінде арнайы құрбан шалынатын орынға жетектеліп бара жатқан, үстіне арнайы жабу жабылған түйені де көрдім. «Қалықтың жағдайы жақсы, етті кімдерге таратады екен» – деп ойладымда қойдым.  Сонымен қатар құрбанды үшінші күннің ақшам уақытына дейін шалып әзер бітуде. Ал Мысырда екінші күні ақ бітеді.

 



[1] “Фатху баби иная” Құрбан бөлімі. Али Қари.

[2] “Лубаб фи шархи китаб” Құрбан бөлімі. Майдани.

[3] Бухаридан басқа бірнеше хадис ғалымдары риуаят еткен. Мыс: Муслим. Абу Дәуіт т.б.

[4] Имам Ахмад, Хәкім.

[5] Кәусар сүресі 2.

[6] Имам Ахмад, Хәкім

[7] Тирмизи.

[8] Дайлами “Муснад Фирдаус”.

adil zhanenulyadil zhanenuly
9 жыл бұрын 5715
2 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33