Құнды заттар әрдайым жасырын болады
Құнды заттар әрдайым жасырын болады

Құнды заттар әрдайым жасырын болады

            Ислам діні мұсылмандардың жалқаулыққа салынып, еш нәрсеге ұмтылмай, біреудің арқасында күн көруді еш құптамайды. Соның бір көрінісі ретінде кейбір сауабы мен берекеті мол істердің қай уақытта жасалу керектігі жасырын болуы. Сондай ақ, дұғалардың қабыл болатын уақыттары да жасырын. Иә, бұл тіпті құнды заттар іспетті, әр бір құнды заттар жасырын жерде; Інжу терең теңіздің түбінде болса Алмаз терең жер қойнауында. Бұл мәселелерді мынадай етіп тізбекке тізіп айтуға болады:

 

- Жұма күнгі дұғаның қабыл болатын уақыты.Бұл мәселені Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам былай тілге алады:

Абу Хурайрадан жеткен хадисте; “Жұма күні бір сағат бар кімде-кім намазын оқып, хайырлы дұғасын осы уақытта сұраса Алла Тағала оның дұғасын қабыл етеді”[1] – деуде.

           

- Алла Тағаланың 99 есімінің ішіндегі дұға жасағанда сол есімді айта отырып дұға жасасақ дұғамздың қабыл болатын бір есімі: 

Бірде бір сахабаның мешітке кіріп жасаған дұғасын естіген Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам  былай деді: “Алла Тағаланың тілеген тілеуін беретін, жасаған дұғасына жауап беретін ұлы есімімен дұға жасады[2] – деді.  

 

            - Қай сауапты істің Тозақтан құтқарып қай болмашы істің Тозаққа алып баратыныны да беймәлім. Бұны Бұхари мен Муслимның сахих хадистер жинағында келген мына оқиғалардан байқауға болады; “Бірде бір кісі жолда шөл қысып топырақ жалап тұрған итті көріп оған жаны ашып, жақын маңдағы құдықтан аяқ киіміне су құйып алып шығып су беріп, Алла Тағалаға [жасаған қайырлы ісі үшін] шүкіршілік жасады. Алла Тағала да оны Жәннәтіна қойды”. Ибн Омардан р.а. келген хадисте Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам  былай деп айтты; “Бір әйел кісі бір мысықты аштан-аш қамап қойғаны үшін тозаққа кірді”.

 

            - Құран Кәрімде  қатты мұқияттылық танытуымыз әмір етілген “Салату уста” яғни,  “Орта намаздың” нақты қай намаз екені де белгісіз. Тәпсір ғалымдары бұл  “Орта намаздың”  адамға ең ауыр келген намаз болуын мүмін екенін айтуда. Яғни, бір адамға Таң намазы ауыр келсе екінші біреуге басқа бір намаз ауыр келуі мүмкін немесе оқуға жұмысы мұрша бермеуі мүмкін.

 

- Жасырын уақыттардың бірі “Қадір түні”. Қадір түнінің Рамазан айының соңғы он күнінде екеніне, оның ішіндегі тақ күндері екеніне байланысты көптеген хадистер бар. Солардың бірі, Айша анамыздан жеткен мына хадис; “Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам  Рамазанның сонғы он күні келгенде түндерін намазбен өткізетін және отбасында намазға оятатын, сондай ақ әйлдеріне жақындамайтын”[3]. Муслимнен жеткен  екінші хадисте; [Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасаллам ] Рамазанның сонғы он күніне басқа уақыттардан қарағанда екі есе көңіл бөлетін”- деп келеді.

Иә, Рамазан айының соңғы он күнін ерекше өткізуіміз керек, барынша жақсылық жасап, садақа пітірлерімізді беріп, зекетімізді беріп, тарауих намазымызды үзбей, намаздарымыздың барлығын барынша жамағатпен өткізсек сонда қадір түніне сәйкес келетініміз сөзсіз. Қадір түнінде жасалатын дұаға келсек, айша р.а. анамыздан жеткен хадисте былай делінеді; “Уа, Алланың елшісі егер Қадір түніне сәйкес келсем қалай дұға жасайын?” – дедім. Пайғамбарымыз саллалаһу алайһи уасалламАллаһумма иннака афуун тухиббу афууа фаъфу анни[4] – деп дұға жаса деді.

Ескере кететін жәйт, Қадір түнде ұйықтамау керек деп, азанда күтіп тұрған істерімізді ақсатуға бомайды. Тіпті Қадір түні нәпіл намаз оқимын деп парыз болған Таң намазынан ұйықтап қалатындарда жоқ емес.

 



[1] Бухари, Муслмим.

[2] Хаким, Ибн Хиббан.

[3] Муслим.

[4] Ахмад.

adil zhanenulyadil zhanenuly
9 жыл бұрын 5830
1 пікір
  • Сонымен қатар, адамдардың арасында әулиелерді жасырған делінеді...
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33