Қысқаша бизнес жайлы:
Қысқаша бизнес жайлы:

       Қазір көпшілік қалай байысам деген сұрақпен мазаланып жүр. Сол сұрақтарына жауап алу үшін сансыз тренингтердің табалдырығын тоздыруда. Ал, қалай тақуа болсам дейтіндер көп емес сияқты. (Аллаһу а'лам)


        Жарайды, халық байи берсін. Ең кемі 500 мың айлықтан алсын.. Алайда бизнес жасап та тақуа болуға болатынын ұмытпаған жөн.


      Сауда-саттық дінде рұқсат етілген нәрсе. Алайда өз қағидалар төңірегінде. Алла елшісі де (с.а.у.) саудамен айналысқан. Хазрет Хадиша (р.анһә) анамыздың саудасын жүргізіп 25 жасында Шамға барғаны "Сира" кіаптарында баяндалған. Алайда пайғаибарлық міндет жүктелмей тұрып.
      Сондай-ақ, хазрет Әбу Бәкір (р.анһу) киім-кешек саудасымен айналысқан. Хазрет Омар (р.анһу) дән-дақыл/тағамдармен айналысса хазрет Осман (р.анһу) киім-кешекке қоса құрмамен айналысқан. Ал, хазрет Аббас (р.анһу) әтірмен айналысқан деседі.


       Жалпы ханафи ғалымдары: жиһадтан кейінгі ең абзал іс ол - сауда. Одан кейін егіншілік сосын өндіріс,- деген. Ал, Ханафи фақиһы Али Қари( - 747 һ.): Менің қөқарасымда ең абзал сауда ол - жазуда, - деген екен.


     Иә, бизнестің түрі көп. Бірақ жоғарыда айтқанымыздай адал-арамын ажыратып, қағидаларын білу шарт. Қанша пайдасы мол болса да харамға жоламай, тіпті күмәндіге қадам баспай жүру тақуалықтың өзі, өзегі, мәйегі. Сондықтан болса керек Әбу Ханифаның шәкірті Мухаммадқа "зуһд" тұрғысында кітап жазбадыңыз ба?,-дегенде. Мухаммад: Сауда-саттық кітабын жаздымғой,- деген екен.

Халал бизнесіміз алға баса берсін! Дұрысын Алла біледі.

adil zhanenulyadil zhanenuly
5 жыл бұрын 3030
0 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33