Сіз `сын` көтере аласыз ба?
Сіз `сын` көтере аласыз ба?

Бір нәрсені сынау немесе сыңға ұшырау адамды кемелдікке алып батын жол. Қазақ `Сын түзелмей мін түзелмес`,-деген. Алайда оны жеткізу жолдары бар.

Жалпы сын айту\сынға ұшырау салаф салихтар заманынан келе жатқан үрдіс. Діни мәтіндердің бұрмаланбай, даладан жаңсақ ой\пікірлер араласпай жету үшін ғалымдар `Жарх уа тағдил` атты ілімдердің негізін қалаған. Ол ілімде қандай да бір насстың (Құран Кәрім немес хадистердің) мәтіні мен санадын сынға алған. Соның арқасында күнімізге дейін мутауатир дәрежедегі Құран мен сахих хадистер келіп жеткен десек болады.

Даналықпен жеткізу

Қателескен адамның жағасынан тартып тұрып `Сен қателестің. Тыңдап ал! Дұрысы былай..`,-деп емес ақиқат болса да даналықпен, сыпайылықпен жеткізу бұл көптің қолынан келе бермейтін өнер. Мысалы: `Сіздің бұл айтқандарыңызды мен басқаша білетін едім. Бірақ сіздің сөзіңізден бұл мәселенің басқа да версиясы барын байқадым`,-дейсіз. Егер ынсапты адам болса келіп `Мәселе сіздің айтқаныңыздай екен`,-десе тағыда `әне айттымғой саған`,-демей, `рахмет! қандай ынсапты адамсыз`,-деп жауап бере білу керек. Яғни, сөйлескен адамыңыздың қате түсініктерін жөндеу үшін кейде жұмсақ болу өте маңызды. Себебі қатты\қатыгез адамның жынына бір барған кісі екінші келмейді.

Пердені жыртпай жалпыға қаратып айту

Тарих куә қай салада болмасын бір адамның ой-пікірін құрметтемегендер, оны тесік шұлық сияқты үйдің бір бұрышына лақтырғандар қаншама пайдаға жарайтын адамдардан айрылды\айрылуда. Қателескен адам діннің нақты мәселерінен қателессе де сіз қажетті тәсілді қолданбасаңыз жеткізу керек мәселе қабылданбай қалуы әбден мүмкін. Бәлки де тікелей бетіне емес жалпыға қаратып айту керек. Бұлай жасау Пайғамбарымыздың (с.а.у.) үйреткен тәсілі. Бірде зекет жинау үшін бір руға барып-қайтқан сахаба Алла елшісіне келіп: `Мыналар сіздікі, ал мынау маған сыйлыққа берілген дүние`,-деп қалады. Артынша Пайғамбарымыз (с.а.у.) мінберге шығып: `Мен Алланың әмірлерін орындау үшін кейді бірілеріңізді қызметте қолданам. Сосын ол кісі келіп: `Мыналар сіздікі, ал мынау маған сыйлыққа берілген дүние`,-деп айтады. Ол кісі рас айтса да әке-шешесінің үйінде отырып сыйлығы аяғының астына келсін`,-деп ескерткен. (Бухари, Муслим)

Сондай ақ, дұрысты, ақиқатты `тек мен жеткіземін`,-деген нәрсе жоқ. Бұл жердегі маңызды мәселе ақиқатты кім айтса айтсын оның қабылдануы.

Деректерде әлсізде болса мынадай керемет дәріс алатын риуаят бар. Бір күні Хасан мен Хусейн (р.а.) бір қарт кісінің қате дәрет алып жатқанын байқайды. Даналық иесі болған Пайғамбарыыздың немерелері келісіп алып:  `Ағасы біз дәрет алайық сіз біздің қайсысымыз дұрыс ал, қайсысымыз бұрыс алғанын бақыласаңыз`,-дейді. Пайғамбарымыз үйреткендей, әкесі Әли (р.а.) көрсеткендей дәрет алған Хасан мен Хүсейінді көріп, бақылап тұрған әлгі қарт кісі қатесін түсініп: `Екеуіңде дұрыс алдыңдар. Қателесіп жүрген менмін`,-деп қатесін мойындаған екен.

Сынды көтере алатын ұрпақтың өсіп жетілуі

Айтылған сынды дұрыс қабылдап, ақиқатты мойындап қателіктерін жөндей алатын ұрпақтың болуы маңызды. Бұл бір дәреже. Осы дәрежені толық меңгерген сахабалардан бір мысал келтірсек:

Бік күні халифа Омар (р.а.) мінбарда тұрып, үйлену\үй болу мәселесіне қатысты біршама тақырыптар қозғады. Ішінде қыз-балаға берілетін сый ақы\мәһірдің де аз болғаны дұрыс екенін айтты. Сол кезде арт жақта отырған бір орта жастағы әйел пердені түріп: `Уа, мұсылмандардың әміршісі! Сіз біз білмейтін аят немесе хадис білемісіз?! Алайда Алла Тағала Құранда: `Егер әйелдеріңмен ажырасып, орнына басқа әйел алып, төсек жаңғыртуды қаласаңдар, ажырасқан әйелдеріңе кезінде үйіп-төгіп мәһір берген болсаңдар да, одан ешнәрсе алмаңдар...` (Ниса сүресі 20-аят.) деп бұл мәселеді бір мөлшер айтпаған`,- деді. Сол кезде жер бетінің жағрафиялық тұрғысынан жартысын басқарып тұрған халифа Омар (р.а.): `Ей, Омар жасы келген әйел құрлы дініңді білмейсің`,-деп бірден тоқтаған. (Баһақи)

Сын айтушы адамға қажет: Сын айтатын тақырыпты жақсы меңгеру керек. Басқа да риуаяттардың бар болуын ескеру маңызды. `Айтылған сынды көтере алама`,- деп қарсы тарапты да зерттеп\зерделеу даналықтың нышаны. Сосын ақиқатты тек мен жеткізуім керек деген нәрсе жоқ. Кім жақсы қабылданса соны сөйлету. Себебі біздің мақсатымыз ақиқатты тек біз айту емес, оны қабылдату. Бүгінгі күн басқа ғасырлардан қарағанда его`ның шыңға жеткен күні. Адамдар сын түгіл ақыл\кеңес тыңдауы қиындап барады. Сондықтан даналықпен әрекет ету міндет. Бұған қоса, сынға ұшырағандар да егер айтылған нәрсе ақиқат болса ынсаптылақ танытып, ашуға бой алдырмай ақылмен шешім шығарып керісінше рахметін айтып қателігін түзету керек. Себебі үстіңде бір шаянның жүргенін ескерткенге\яғни қатеңді көрсеткенге берілетін жауап ол рахмет. Бұл да кемелдіктің сипаты болса керек.

adil zhanenulyadil zhanenuly
5 жыл бұрын 3798
0 пікір
Блог туралы
0
5788 14 61 30 33