Пайғамбарымыздың (с.а.у.) заманынан бір махаббат оқиғасын аударып берейін
Екі қожайынның қолында ер мен әйел құлдар болады. Екеуі (құда болайық деп) екеуін үйлендіреді. Әйел кісінің аты Барира ал, ердің болса Муғис (р.әнһум). (екеуі де мұсылман болған) Барираны қожайыны бір күні азат етеді. (Шариғат үкімі бойынша азат әйел құл күйеумен ажырасамын десе, ажырастырылады. Яғни, күйеуі қарсы келе алмайды) Азат болған Барира Муғистан кетеді. Алайда Муғис Барираны қатты сүйгендіктен, қимай қатты қайғырады. Бір күні Барираның артында көз жасы көл болып келе жатқан Муғисты ибн Аббасқа (р.а.) көрсетіп Алла елшісі (саллалаһу әлайһи уа сәлләм): “Уа ибн Аббас ана Муғистың сонша...